Ақтауда  көлік жуу орталығы жанып кетті

Снимок Қазанның 27-сі күні Ақтау қаласындағы «У Николая» автокөлік орталығы өртке оранды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт сөндірушілер өрттің неден басталғанын болжау әзірге мүмкін емес деп отыр. Өрт шамамен таңғы 07:00-де басталған. 575 шаршы метрдің 275 шаршы метрі өртеніп кеткен.  Өрт сөндірушілер жалынды 2 сағаттан кейін сөндірді. - Өртті сөндіруге Маңғыстау облыстық ТЖ департаментінің 40 адамы мен 11 техникасы қатысты. Өрттің себебін төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері анықтап жатыр. Алдын ала болжамдар әлі жоқ, - деді өрттен құтқару және авариялық-құтқару қызметінің басшысы міндетін атқарушы Еркіндік НҰРҒАЛИ.