Ақтаудағы онкологиялық диспансер жөнделіп жатыр
2014 ж. 10 қазан
1715
0
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансер ғимаратының алдыңғы бетін қайта жөндеу жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстары үшін республикалық бюджеттен 2 млн 54 мың теңге бөлінген. Диспансердің бас дәрігері Нұрлан Мұхановтың айтуынша, ғимараттың жөнделуіне қажетті заттар сатып алынған.
Мердігер компания өткен аптада жұмысқа кірісіп кетіпті. Бас дәрігер арбаға таңылған мүгедектерге жүру жеңіл болуы үшін жұмыстар жасалып жатқанын айтады.
- Осы уақытқа дейін салынған бес корпустың барлығы бір визуалды ансамбльге қосылады. Құрылыс жұмыстары қазан айының аяғында аяқталады деп жоспарланып отыр,- дейді дәрігер.