Ақтаудағы онкологиялық орталықта хоспис бөлімі жұмыс жасайтын болады
2014 ж. 10 қазан
1510
0
Маңғыстаудағы онкодиспансерде рактың асқынған түрімен ауыратын адамдарға хоспис жұмыс істейтін болады деп жазады ақтаулық «Лада» басылымы. Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Нұрлан Мұхановтың сөзінше, алғашқыда бес төсек бөліну жоспарда бар. Егер сұраныс көбейетін болса, орын саны үлкейе бермек дейді ол.
- Біздің көптеген емделушілеріміз аурудың ауыр түрімен үйінде жатады. Көп жағдайда аурудың шыдатпайтын шогынан қиналып жан тапсырып жатады. Хоспистің міндеті - емделушілердің терминалды фазасында өмірінің соңында лайықты өмір мен дұрыс күтімге құқық беру,- дейді Нұрлан Мұханов.
Бас дәрігердің сөзінше, хосписке жіберердің алдында емделушілер мен оның жақындарының пікірі міндетті түрде тыңдалады. Биылғы жылы аймақта 62 адам қатерлі ісік ауруының асқынған түрімен тіркелген. Бұл онкологиялық аурумен ауыратындардың 11,5 пайызын құрайды. 2013 жылы 71 адам тіркеліп, 12,3 пайызды құраған еді.