Маңғыстауда 9 мың жұмыс орны ашылады
2014 ж. 07 қазан
1697
0
Алдағы 3 жылда «Жаңа серпін» бағдарламасы аясында 9 мың жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев мәлімдеді . Жаңа бағдарлама аймақтардағы спецификаны есепке ала отырып тұрғындарды 2014- 2020 жылдары аралығында жұмыспен қамтуға арналған.
- Бағдарлама 32 жобаға кадр дайындауға мүмкіндік береді. Бірінші кезеңдік жұмысты облыстың әкімдігі мойнына алды. Бірінші кезекте жұмыссыздық деңгейі жоғары аймақтарда кадрларды оқыту басталады. Олар - Жаңаөзен, Жетібай, Мұнайшы аудандары. Болашақ мамандарды Ақтау мен Құрыққа орналастыру жоспарда бар. Жылдар өте келе бұл жерлерге квалификацияланған мамандар қажеттілігі өсе түсетін болады,- деді аймақ басшысы.
- Жаңа серпін алғашқы нәтижелерін берді. Жас жаңаөзендіктер «Каспий битум» зауытында еңбек етіп жатыр. Сонымен қоса, 45 жаңаөзендік Ақтаудағы монтажниктер мен газэлектрдәнекерлеушілерді дайындайтын орталықта оқиды, ал 70 Жетібай мен Мұнайшының жұмыссыздары «Ерсай» компаниясының оқу орталығында оқиды. Біз оларды «Теңізшевройл» ЖШС-нің кеңеюі үшін металлоконструкция дайындайтын «Ерсай», «Кеппел», «КСОІ» кәсіпорындарында жұмыс жасау үшін дайындаймыз, - деді әкім.
Қазіргі таңда аймақтағы жұмыссыздық 5,3 пайызды құрайды.