Маңғыстауда Сенат депуттарын 1 қазан күні сайлайды

загруженное ҚР Парламентіне Маңғыстау облысынан  Сенат депутаттарын сайлау қазанның 1-і күні Ш. Есенов атындағы КМИТУ-де өтеді. Бұл туралы  Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының басшысы Есен Күмісқали мәлімдеді. Сайлау комиссиясының басшысының сөзінше ҚР Парламент Сенатына депутатттыққа аймақтан 4 адам өз кандидатурасын ұсынғанымен, бір сайланушы депутаттықтан бас тартқан.  Қазір сайлауға ҚР Парламент сенатында Маңғыстау облысының атынан отырған Михаил Бортник, Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжаунова және «МАЭК-Казатомпром» ЖШС сумен қамтуды дайындау  және дистилат дайындау зауытының директорыҚадырбек Әбуғалиев кандидатураларын ұсынған. Сайлауға 112 барлық деңгейдегі  мәслихат депутаты  қатысады.