Қазақстан Коммунистік партиясының Маңғыстаудағы филиалы өз жұмысын тоқтатты

«Қазақстан коммунистік партиясының Маңғыстаудағы филиалы өз жұмысын тоқтатады» деп хабарлайды партия қызметкерлері. Облыстық филиалдың бірінші хатшы қызметін атқарған Гүлнар Тәңірбергенқызының мәлімдеуінше, партияны басшылықта отырғандар өз амбицияларын қанағаттандыру үшін пайдаланып келген. Сол себепті де партия жұмысын тоқтатып отыр.
  • Біз қолымыдан келгенше облыс тұрғындарының мәселесін шешуге тырыстық. Бірақ аймақ проблемалары шешілмей келеді. Біз көтерген проблемалардың бір де бірі жоғары билік органдарына жетпеді. Біздің түсінгеніміздей, ҚКП басшылығына жеке амбицияларын қанағаттандыру үшін керек болғанбыз. Осыдан кейін біздің партияның құрамында  қалуға моральдық құқығымыз жоқ., -деді Гүлнар Тәңірбергенқызы.
Партияның Маңғыстаудағы филиал құрамында 10 шақты мүше болған болатын. Естеріңізде болса, осыдан біраз бұрын Алматыда КСРО жазушылар одағының мүшелері мен КСРО Журналистер одағының мүшелері, ҚКП мүшесі Алпамыс Бектұрғанов  баспасөз конференциясын өткізіп, Қазақстан Коммунистік партиясының ыдырағанын мәлімдеген болатын.