Нұрбек ҚАРАСАЕВ: «Морпорт Ақтау» АЭА Қытайдың өндірістік паркінің салуы анық емес
2014 ж. 26 қыркүйек
2791
0
Маңғыстауда құрылған «Морпорт Ақтау» арнайы экономикалық аймағының №6 субзонасынан Қытайдың өндірістік паркі салынуы әлі белгісіз. Бұл туралы Маңғыстау облыстық индустриалды-инновациялы даму басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұрбек Қарасаев мәлімдеді. Оның айтуынша жоба әлі нақтыланбаған. Тек қана ауызша әңгімелер ғана жүргізілген.
- Қытайдың өндірістік паркі салынады деген ақпараттан хабарымыз бар. Бірақ әлі күнге дейін біздерге басқарушы компания нақты ақпарат беріп, жоба әкелмеді. Жалып ауызша екіжақты әңгіме жүргізілгенімен, нақты шешімдер немесе құжаттар жоқ, -деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.