Нұрболат ЖАЙЛАУБАЕВ кикбоксингтен Әлем чемпионы
Маңғыстаулық бір топ кикбоксингшілер қыркүйектің 19- күні Италияның Римини қаласынан жүлделі оралды. Олар 2 жыл сайын өткізілетін WAKO Әлем кубогын сарапқа салу үшін барған болатын. Жарыс 6-13 қыркүйек аралығында өтті. Маңғыстаулық Нұрболат Жайлаубаев 81 келі дәрежесінде кикбоксингтен әлем чемпионы атанды.
- Жарысқа Маңғыстаудан 10 бала кеткен болатын. Әлемнің 57 елінен қатысқан бұл жарыста Қазақстаннан 4 бала Әлем чемпионы атанды. Оның бірі біздің Нұрболат Жайлаубаев,- деді кикбоксингшілердің бапкері
Есенмұрат СЕЛИКОВ. Сондай-ақ Маңғыстаудан барған
Өнербек СЕЛБАЙ 51салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды.