«Жаңаөзен ісінде» сотталған Шабдал ӨТКЕЛОВ бостандыққа шықты
2014 ж. 23 қыркүйек
1811
0
«2011 жылы желтоқсанда Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты бес жылға сотталған Шабдал Өткелов бостандыққа шықты», - деп жазады Аzattyq тілшісі.
Өткеловтың бостандыққа шыққаны туралы ақпаратты оның әйелі растаған.
- Қыркүйектің 15-і күні шықты. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Бес баламызбен бәріміз қуанып отырмыз, - деген әйелі. Жұбайының сөзіне сүйенсек бостандыққа шыққан Шабдал Өткеловтың журналистермен сөйлесуге құлқы жоұ.
Естеріңізде болса, 2012 жылы шілде айында Қазақстан қылмыстық кодексі 241-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталған Шабдал Өткеловті Маңғыстау облыстық соты бес жылға бас еркіндігінен айыруға үкім шығарған еді