Ақтауда Каспийдің әскери-саяси жағдайы талқылануда
2014 ж. 18 қыркүйек
1953
0
Ақтауда "Каспийдегі халықаралық серіктестіктік парадигмалары: әскери-саяси аспектілер" тақырыбында конференция өтіп жатыр. Каспий теңізін қоршаған 5 мемлекет өкілдерінің басы қосылған жиын барысында Каспий теңізінің статусы, саяси жағдайы, Каспийден тыс орналасқан мемлекеттердің жағдайға әсер етуі сынды тақырыптарды талқылау көзделген.
Соның ішінде Украина мен қазіргі геополитикалық өзгерістердегі перспективалар, нақты қауіптерді анықтау және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері айтылады.
Айта кету керек, Каспий мәселесі талқыланатын конференция төртінші рет өткізіліп отыр. Әр жыл сайын өткізілетін жиынның тақырыбы жылда өзгеріп отырады.
Халықаралық конференцияға қатысқан Алик Айдарбаев аталмыш дискуссияның көршілес елдер мен Қазақстан үшін маңызды екенін атап өтіп, Каспий ынтықмақтастығы мен бүгінгі саяси жағдайлардың Каспий теңізімен көршілес орналасқан мемлекеттерге әсері туралы айтты.
Хабарлаған Рысгүл Рамазан