
Тамыздың 30-31 күндері Ақтау қаласында Конституция күніне орай «Aktau Open Fest» деп аталатын музыка және спорт фестивалі екінші рет ұйымдастырылды. Өткен жылғы фестивальден ерекше әсер алған қала жастары осы жолы да Жаңа теңіз жағалауына көптеп жиналды.
Фестиваль аясында ерлер арасындағы «3х3» баскетбол бойынша ҚР кезекті ашық чемпионаты өтіп, Street Workout (Стрит воркаут), Parkour (Паркур), Break Dance (Брейк дэнс) және Скейтборд жастардың жаңа бағытқа баулып жүрген спортшылар өнер көрсетті. Фестивальге Қазақстанның басқа қалаларынан және көршілес мемлекеттерден жастар келіп өз өнерлерін көрсетіп, көрерменнің көңілін көтерді. Фестивальге қазақстандық спортшылардан басқа көршілес Ресей, Украина, Түркменстан елдерінен де келді.
Шараның бірінші күнінің қорытындысы ретінде танымал қазақстандық және ресейлік рэп орындаушылардың қатысуымен концерт өтті. Олардың арасында «ST» тобы, «Doma Doma» әртістері: Big Som, Skif, Aidar BMM болды. Екінші күні шараға арнайы шақырылған қонақ Илья Ильин мен ресейлік «Каста» тобы өнер көрсетіп жастарды қуантты. Спорттық шараға шамамен 200-ге жуық спортшылар қатысып, спорттық жарыстарға, тренингтерге, мастер-класстарға қатысты.