Маңғыстаудағы тылсым құбылыс Қытайдың тыңшы-спутнигі болуы мүмкін
2014 ж. 03 қыркүйек
2962
0
Қыркүйектің 2-нен 3-не қараған түні маңғыстаулықтар аспаннан көрген тылсым құбылыс Қытайдың тыңшы-спутнигі болып шықты. Бұл туралы ресейлік Gazeta.ru сайты Aerospace.org-қа сәлтеме бере отырып жазады.
Басылымның жазуынша, спутник Ақтау уақытымен 23:14-те жанып кеткен. Оның көрсетуінше, жасанды спутник Атырау облысы мен Ресейдің Оренбург облысының арасында өртенген.
Құрылғының жарылу траекториясы мен уақытына қарай бұл Қытайдың радиолокациялық Yaogan 5 деп аталатын тыңшы-спутнигі болуы мүмкін. Ол 2008 жылдың 15 желтоқсанында Тайюань ғарыш айлағынан Жер бетінен 500 шақырым қашықтықта поляр орбитасына ұшырылған болатын.