Маңғыстаудағы «ХҚКО» бөлімдерінде «Қазпошта»-ның кассалары ашылды
2014 ж. 16 қыркүйек
2267
0
Бұл туралы «ХҚКО» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалы мен «Қазпочта»АҚ Маңғыстау облыстық филиалы арасындағы өзара келісім бойынша, облысымыздың аудандық «ХҚКО» бөлімдерінің барлығында дерлік «Қазпочта» АҚ кассалары жұмыс істеп жатыр, - делінген баспасөз хабарламасында.
Әзірге жоба толық ауданды қамтымағанымен алдағы уақытта барлық аудандарда жұмыс істейтін болады деп күтілуде. Қазір Түпқараған, Маңғыстау, Бейнеу аудандары мен Жаңаөзен қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Қазпочта» АҚ кассалары ашылды. Енді осы айда Құрық кентіндегі ХҚКО бөлімінен де ашылу жоспарланып отыр.
«Біздің басты мақсатымыз - халықты кез келген төлем үшін касса іздетіп сабылтпай, барлық шаруасын осы орталықтан бітіріп кетуіне болатындай жағдай жасау»,-дейді филиал директорының орынбасары Ғалым Шәбдезім.
Сондай-ақ, төлемдерді касса болмаған күннің өзінде, кез-келген банктің төлем карточкалары арқылы, онлайн режимінде де төлей беруге болады,-дейді «ХҚКО» РМК Баспасөз қызметі.