Ақтауда күн энергиясы станциясының жобасы таныстырылды
2014 ж. 13 қыркүйек
3997
0
3-қыркүйек күні Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин «Empereal» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында компания өкілдері күн энергиясын тиімді пайдалану технологиясын таныстырды.
Күн сәулесінің энергиясын пайдаланумен машықтанып, оны әр жерде жүзеге асырып жүрген «Empereal» деген компанияның құрылтайшысы Фейсел Алашадхи осы мақсатта өз жобаларын таныстыру мақсатында Ақтауға келді. Жобаны таныстыру бағытындағы жиынға осы аталған компанияның негізін қалаушы Манож Дивакаран, компанияның қазақстандағы өкілі Нұржан Қожамұратов, «Ақ жол» партиясы төрағасының халықаралық мәселелер мен инвестиция жөніндегі орынбасары Ерлан Барлыбаев, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер Палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев және құзырлы орган басшылары қатысты.
«Empereal» компаниясының негізін қалаушысы Манож Дивакаран Ақтауда іске асырылуы мүмкін күн энергиясын пайдалану технологиясының мүмкіндіктері туралы айтып қатысушыларды хабардар етті. Оның айтуынша, шамамен 140 га көлемінде жер учаскесіне орналасатын зауыт күн сәулесін пайдалану арқылы қуаты 50 МВт электр энергиясын, тәулігіне 10 мың куб метр тұщытылған су өндіре алады.
Маңғыстау табиғатының қатал, құрғақ жауынсыз жағдайларын қатерінде ұстаған компания мамандары Маңғыстауда «жұқа қабыршақты» технологияны пайдалануды жөн деп санаған. Ол өздері таныстырған жобадан 20 пайыз есе артық энергия береді екен. Зауытттың жұмыс істеу кепілдігі 25 жылды қамтыса, 20 жылдан соң қазақ елінің өз меншігі болып қалады
Елге тұщытып беретін суының 1 тоннасының ең жоғарғы бағасы бір доллардан аспайды дейді. Орналасатын аймағы мен тұщытатын суының көлеміне орай бағаның арзандайтыны да айтылған.
Компания өкілдері, жоба келісілген жағдайда бір жыл ішінде салынатындығын және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұртты жұмыспен қамтитындығын сөз қылды
Ерекен Қорабаев, Ақтау қаласы.