Жалғандықтың жонынан таспа тілген!
2019 ж. 27 сәуір
3433
0

Жалғандықтың жонынан таспа тілген,
Жырлары алысқандай хас батырмен...
Өлеңнің киесіне басымды идім,
Сырласқан Қазыбектей жақсы ақынмен!
Биікте бағындырған байсал белең,
Болмысына жарасар «қайсар» деген...
Қазақтың ұлтшылының ұстамы зор,
Мүдделес Қазыбектей жайсаңменен!
Арманын ұштастырған ұлықты елмен,
Мұзтауына күрестің шығып көрген...
Ұлтымыздың мұраты мұқалмайды,
Жігерлі Қазыбектей жігіттермен!
Қажымұқан ҒАБДОЛЛА