Батыр қыздардың бірі –Гүлжахан
2019 ж. 12 сәуір
22260
1
Тарих беттерінен белгілі арғы тарихты қозғамай, кешегі 1986-жылғы Желтоқсан оқиғасы әлемді дүр сілкіндірген тарихи көтеріліс болды. Мұз үстінде бұрымынан сүйрелген арулар мен Тәуелсіздік үшін жанын пида етуге даяр болған жігіттер біздің ұлтымыздың рухани құндылыққа бай екенін көрсетті. Сол оқиғаның ішінде болған батыр қыздардың бірі – Гүлжахан Қарауылова Ибинжанқызы.
Қазақстан мемлекетінің Тәуелсіздігі үшін, мемлекетімізді тек өз ұлтымыздың азаматы басқарсын деген талаппен алаңға талап етіп шыққан жалынды жастардың қатарында болған осы тұлғаның бүгінгі күні де ұлтым деп шырылдап, ұлт жанашырларын біріктіріп,басқарып жүргендігі елеусіз қалмауы тиіс. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген дана халқымыз.Тағдырдың тауқыметіне қарамастан, өзіне тиесілі қиындықтармен күресіп, бүгінгі күні бір шаңырақтың ұйытқысына айналып отырған жан. Ұлтын, елін сүйетін осы бір жүрегі кең әйел баласының әрбір қадамдары тек ұлтына деген жанашырлыққа толы болғаны барша қазақ қыздарына үлгі болатындай. Тіпті, ер азаматтарымыздың өздері ден қоюға қайраты жете бермейтін бүгінгі таңдағы Қытай саясатынан зардап шегіп жүрген қандастарымыздың шешімін таппай жүрген әлемді дүрліктірген ұлттық мәселесіне де қолынан келгенінше аралас ып жүр. Атышулы Сайрагүл Сауытбайдың бостандыққа шығып, мемлекетіміздің азаматтық куәлігін алуын талап еткен ел азаматтарының арасынан ойып тұрып орын алған да Гүлжахан Қарауылова болатын. Нәзік жанды ханымның ел арасынан жұлқынып шығып, панасыздарға қорған болып жүрген ер мінезді қайсарлығы бүгінгі таңда да қазақ қыздарының, қазақ әйелдерінің бойынан табылуы жақсы қасиет. Осындай ару ананы өмірге әкелген ата-анасына Алла тағаланың нұры жаусын! Мінекей, Гүлжахан Қарауылова Ибинжанқызы бүгінде талай сындардан өтіп, елу бес жасқа толып отыр. Өмірі үлгіге айналған ұлтын сүйген аяулы жанның қуанышына ортақтаса отырып, әлемдегі барлық жақсылық атаулыны тілейміз.Көктемдей құлпырған жүзіңізбен, елім, жерім деген ерекше жүрегіңізбен сүйікті отбасыңыздың, ұлтын сүйетін жандардың, адал достарыңыздың , өзіңізді бағалайтын халқыңыздың сүйіспеншілігіне бөлене беруіңізге тілектеспіз! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілей отырып, ұлтыңызды сүйетін ұлы қасиетіңізбен ұлттың жанашыры болып аман жүріңіз.
Сен туған күн тамаша бізге ерек күн!
Ізгілікті әрдайым іздеп өткін.
Асуларда бір Алла қолдай берсін,
Жарқын күйде жүзіңіз Жүзге жеткін!
Ізгі ниетпен, Ұлт жанашырлары
qazaquni.kz