Нарқасқа

Қазақтың ұлы ақыны Төлеген Айбергеннің «Бұл қазақта жігіттер бар нар қасқа, Жарқылдаған алмас па?!» деген өлеңі біздің бүгін ердің жасы елуге толып отырған Мүтән Смадиярұлына арналған секілді. Қашан көрсең жарқылдап жүреді. Жапырып істейді, қатырып ән айтады, келістіріп билейді. Ол аз десеңіз, нарға лайық бойы бар оны көргенде аталары атақты Майлықожа ақын: «Жұмабектің баласы жеті арыстан, Қарсы келген жауымен жеке алысқан» деп бекер жырламаған- ақ екен -ау деп ойлайсыз... Иә, біздің Мүтән осындай ер! Ол «Жас қазақ үні» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы өкілі ретінде де белсене жұмыс атқаруда. Асыл жары Райхан екеуі төрт бала тәрбиелеп өсіріп отыр. Назгүлін қияға қондырған, ол Астанада. Айдыны кәсіп қуса, Шерісі білім қуып, университетте грантқа оқып жүр. Аяулымы «Дарын» мектебінің дарынды оқушысы. Тұлғасына қарасаң, Батыр ма деп қаласың. Жырласына қарасаң, Ақын ба деп қаласың. Бір басына қарасаң, Әкім бе деп қаласың! Қандай десе, бұл қазақ, Мүтән десе, нанасың! Саған мол бақыт, зор денсаулық, ұзақ өмір тілеп, шаңырақ шаттыққа тола берсін дейміз. Республикалық «Жас қазақ үні» газеті