ЖАПЫРАҚТАРЫҢЫЗ ЖАЙҚАЛА БЕРСІН!
2019 ж. 24 қаңтар
9299
0
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Ардақты әке-шешеміз Бағдат пен Жұмагүл өмір бойы қол ұстасып, бірге келе жатқандай, бас-аяғы бір айдың ішінде бір-бірін қуып жетіп, екеуі де асқаралы Алпыстың асуына шығып отыр. Жазиралы Жаркенттің қоңырсалқын Қоңырөлең ауылында анамыз 35 жыл шәкірт тәрбиелеп, ұлағатты ұстаздық етсе, әкеміз ауыл шаруашылығында жауапты қызмет етті. Елге еңбек сіңірген екеуі де қазір құрметті зейнеткер. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып отыр. Тәлім беріп, тәрбиелеп өсірген бес баласы қазір өмірдің әр саласында жемісті еңбек етіп жүр. Әке-шешеміз бүгінде асыл ата, әзіз әже болып, немерелерін бағып-қағуда. Біз әке-шешемізге әрдайым балаларыңыздың қызығын көріп, бейбіт күн мен сәбилер күлкісінң шуағына бөлене беріңіздер дейміз. Шаңырақтарыңыз шаттық пен шапағатқа шалқи берсін! Сіздердей саялы бәйтеректің саясында ұл-қыздарыңыз да жұлдыздарыңыз болып, жарқырай берсін! Жапырақтарыңыз жайқалып, тамырларыңыз тереңдей берсін деп тілейміз. Алла жар болып, жүздеріңіз жарқын күйде Жүзге жетіңіздер! Құтты болсын асулы Алпысыңыз! Алпыс деген арайлы тал түсіңіз! Балалардың бөленіп қызығына, Жақсылыққа арналсын бар күшіңіз! Құтты болсын асулы Алпысыңыз! Зор құрметпен, балалары – Қуаныш, Айдын, Аяулым, Айжан, Ердос, келіндері – Самал, Гүлстан, немерелері – Айбын, Ерасыл, Айсұлу, Іңкәр, Альбина, Әмір, Айша, Әмина, Мәриям және ағайындары