НАСЫР ФАЗЫЛОВ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТЫҢ ЛАУРЕТАТЫ

  Өзбекстанның аса көрнекті қаламгері, Қазақстан Республикасы Президентінің «Бейбітшілік және рухани келісім» сыйлығының, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Насыр Юлдашұлы Фазылов халқымыздың және әдебиетіміздің үлкен досы және белсенді насхатшысы. Өзге еңбектерін айтпа­ғанның өзінде оның «Таптым бірақ жоғалтпадым» атты кітабы қазақ әдебие­тінің М.Әуезов, С. Мұқанов, Ғ.Мүсірепов бастаған классиктері жайлы жазылған аса құнды еңбек. Дәл осы еңбегі үшін Өзбекстан Респуб­лика­сының Президенті Ислам Каримовтың Жарлы­ғымен Насыр Фазы­ловқа Өзбек­стан Рес­публикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Туысқан өзбек-қазақ халықтарының ортақ мақтанышы, екі ел мәдени, әдеби байланыстарының алтын көпірі, халықтар достығының жыршысы Насыр Фазыловты аса мәртебелі сыйлығымен құттықтап, мықты денсау­лық, шығар­машылық табыстар тілейміз.

Сәбит ДОСАНОВ