Кентауға кеткеніңе рахымет!

ҚҰТТЫҚТАУ!!!

    Жер жәннаты Жетісудың жазиралы Жаркент өңірінің қоңырсалқын Қоңырөлең аулының қоңыр қызы, Кентаудың керім келіні,  жезделерінің  балдай балдызы, сүйкімді немересінің сүйікті әжесі Шәрбат Ботайқызын 18 (+32)  жасымен құттықтаймыз! Ағайынның арасында абыройлы, ұжымында сыйлы, отбасында қадірлі  болып жүрген Шәрбатқа  әрдайым өмірің жарқын болып, әр күнің қуаныш сыйлай берсін дейміз! Мерекең берекеге жалғаса берсін, шаңырағыңда шаттық шалқи берсін деп  тілейміз!   Арналар жақсыларға жыр аты көп. Еңбекпен жарық болар сірә, түнек. Әпкеңе жолыққаным үшін жолда, Кентауға кеткеніңе рахымет!   Жездең енді саған жыр арнап көрсін, Алла саған алдыңда таңдап жол шын, Алтын балық  аулайтын қармақ берсін! Елу десе ел сенбес  жас бола бер, Атыңа сай өмірің Шәрбат болсын! Құрметпен , жезделері  мен әпкелерінің, күйеу балалары мен сіңлілерінің  атынан Қазыбек