Ұл-қыздарың жұлдыздарға айналсын!

0
1927

ҚҰТТЫҚТАУ!

 

 

«Қазақ үні» газетінің қаржылық директоры Дәурен Болатұлы мен Бануды  ұлдары Әлинұрдың   сүндет тойы мен қыздары Алуаның 8 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз!

Мұсылман болып, атқа мінген Әлинұр Алаштың ардақты азаматы болсын!  Алуа оқуда алда болып, қазақтың  ару қызына айнала берсін!  Ұл-қыздарың  ұлттық мүддені қорғайтын  ұландарға айнала берсін! Шаңырақтарың шаттыққа бөленіп, Алла жар болсын!

 

Құтты болсын, Әлинұрдың сүндеті

Бар мұсылман Мұхамбеттің үмбеті.

Ұл-қызының  қуанышын ұлықтау

Әр әкенің, әр ананың міндеті!

 

Бабалардың жолы дәйім жалғансын,

Жақсылықтар  шыға берсін алдан шын.

Ұл-қыздарың  жұлдыздарға айналсын!

Шаңырақтың шалқи берсін шаттығы,

Алдарыңда Алла дәйім жар болсын!

 

Ізгі тілекпен, «Қазақ үні» газеті ұжымы

 

 

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз