АҚ ОТАУҒА АҚ ЖОЛ!

Өркен Тәуелсіз ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ  тағы бір отбасы қосылды!  Атамекенін аңсап келген арда қазақтардың бірі Өркен бауырымыз ақ отау құрып, ақпейіл ағайындардың ақ батасын алды!  Өркен Мұсабекұлы қазіргі ғаламтор құпияларын терең меңгерген, білімді де, білікті, сайыпқыран  сайт шебері! Өз кәсібімен ӨРКЕН жайып, ҚАЗАҚ ҮНІ  жарқын естілуіне өз үлесін қосып келе жатқан азамат! Бақытты болыңдар, ӨРКЕН - БАРШАГҮЛ! Шаңырақтарың биік, керегелерің кең, босағаларың берік болсын! Маңдайларың ашық екен, маңдайалды азаматтар болып, тамырларың тереңдей берсін! ӨРКЕНдерің өсіп, БАРША қазақтың қалаулы шаңырағына айналып, ел іргесін бекемдеуге ерен еңбек ете беріңдер.  Алла жар болып, жұлдыздарың жарқырай берсін!   Қазақ үніне айнала беріңдер деп,  Ақ жол тілейміз! "Қазақ үні" редакциясы