Елбасы парламенттің жаңа құрамын құттықтады
2016 ж. 25 наурыз
2594
26
Әлемдік дағдарыс шиеленіскен жауапты шақта халқымыз сіздерге зор сенім білдірді. Бүгін Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына арналған ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Құрметті депутаттар, баршаңызды 6-шы шақырылған Парламенттің бүгінгі бірінші сессиясының ашылуымен құттықтаймын! Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы белесін еліміз жаңа құрамдағы Парламентпен қарсы алып отыр. Сайлаудың қорытындысы бойынша өздеріңізге мәлім Парламентке үш партия және Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат сайланды. Баршаңызды тең бәсекелестік жағдайында өткен сайлаудағы ортақ жеңіспен, депутаттарды жауапты қызметтерімен құттықтаймын!», - деді Елбасы. ҚР Президенті Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы жаһандық даму тұрғысында аса күрделі кезеңге сәйкес келіп отырғанын баса айтты.
«Әлемдік дағдарыс шиеленіскен жауапты шақта халқымыз сіздерге зор сенім білдірді. Елімізді іргелі жаңғыртатын ауқымды істерді заңнамалық қамтамасыз ету сіздерге жүктеліп отыр және бұл сайлау ерекше өтіп, халықтың белсенділігін көрсетіп, бүкіл дүниеге біздің осы жылдардың ішінде, тәуелсіздіктің ішінде заңды түрде, баламалы түрде, ашық түрде сайлау өткізетіндігімізді көрсеттік. Бұған бүкіл дүниежүзінің сарапшыларынан да, бақылаушыларынан да оң баға алдық. Бұл да біз үшін үлкен жетістік болып саналады», - деді Н.Назарбаев.
Дерек көзі: ҚазАқпарат