Асқақ болғай қашанда мәртебеңіз!
2015 ж. 30 маусым
2820
0
Тау қыранындай алғыр досымыз Қалыбек Құдайбергенұлының
60 жасқа толған мерейтойына арналады
Маусым соңы, шілде келер шағында, Тау етегі. Мәуесі мол бағында. Бар тіршілік аптапты күтіп, асыға, Таусылып тағат, аңсаған шақта сағына, Отбасына арнап Құдайберген ағаның, Рақымды ием бір ұл сыйлады тағы да! Содан бері алпыс асу асыпсыз, Буырқанып өзендейін тасыпсыз. Ізгіліктің ізшіл нұрын бойдағы, Жүрген жерге аямай - ақ шашыпсыз! Білмегенге бейтаныс жол да ұзар, Елу жаста кейбіреу зорға бұзар, Кеңшардың директоры атаныпсыз, Кезіңізде отыз жас орда бұзар! Кезіңде балалықтың ізі қалмас, Қырық жаста қылыштай жүзі алмас, Аға, ініні шаттыққа бір бөледің, Ақордаға қызметке барғанда алғаш. Бала қыран алпыс шыңды игеріп, Отыр бүгін ел-жұртынан сый көріп. Көңілінен көптің шыға білдіңіз, Үш ауданға әкім болып, би болып! Қырық бес жасыңызда туып-өскен, Әз, әулие Төле би бабамыздың, Атындағы ауданның ең ардақты, Атандыңыз құрметті азаматы! Дауысың Қазыбек би дауысындай! Арқаладың ел жүгін ауырсынбай, Көпті аузыңа қараттың даналықпен, Құсқа бағыт беретін қауырсындай. Мінезіңіз моншақтай мірге тізген, Сыңарындай аққудың бірге жүзген. Өмірдің теңізінде жеңгемізбен, Шаттық орын мәңгі алғай іргеңізден! Азан шақырмай өтпесін бекер, бос таңың, Жүзеге асар сонда ойларың, жоспарың. Тәңірден досқа жақсылық тілеп жүр дәйім, Сол болар оған өз үлесіңді қосқаның! Ұлың жақсы – ол көктегі жұлдызың, Қызың жақсы – жағаңдағы құндызың. Сенің тынбас еңбегіңнің жемісі, Тәрбиелі болып өсті ұл-қызың. Алпыс жасқа Сіз келіп қуаныштан, Біздің көкке жетпей тұр сәл төбеміз. Жасыңызға тағы алпыс жас қосылып, Асқақ болғай қашанда мәртебеңіз! Алдағы өмір болғай аға баянды, Біз шырқайық көңіліңізге сай әнді. Бәйтеректей бұтақтарын кең жайған, Жалпы жұртқа түсіргейсіз саяңды!Ізгі тілектерін жақұт жырмен өрнектеген достарың һәм бауырларың: Ислам Әлмаханұлы, Өмірбек Асықбекұлы, Қазыбек Иса, Сенбек Сансызбайұлы 30 маусым 2015 жыл Астана қаласы