Жүзің жарқын күйіңде Жүзге жеткін!

«Қазақ үні» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі, Қызылорда облысындағы «Қызылорда қоғамдық телерадио компаниясының» редакторы әріптесіміз Ізмұрат Құрбанбаевты асқаралы 60 жасқа толған туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Деніне саулық, отбасына амандық тілей отырып, қолыңыздан қашан да қаламыңыз түспесін дейміз.

 

Мерекең берекелі бола берсін,

Жұлдызы шаңырақтың жана берсін!

Маңдайы жарқыраған марғасқасың,

Дүлдүлің бәйгелерден дара келсін!

 

Алпыста да ерен ғой Сіздегі екпін,

Еліңе әлі ерекше қызмет еткін!

Жеткізе бер «Қазақтың үнін» көпке

Жүзің жарқын күйіңде Жүзге жеткін!

 

Ізгі тілекпен, «Қазақ үні» газетінің ұжымы