Құттықтау! ЕСКЕНДІРДЕЙ ЕР БОЛҒЫН!

Құттықтаймыз!!!

Кішкентай ұлымыз Ескендр Тұрғанбаевты  12 қаңтарда 4 жасқа толуымен құттықтаймыз. Әрқашанда  өмірің нұрға, көңілің жырға тола берсін. Денсаулығың  зор болып, алда тек жақсылық пен қуанышқа кенеле бергін. Алла маңдайыңа бақ, астыңа тақ, өзіңе бап берсін! Әжең мен атаңды, анаң және туған-туыс, нағашыларыңды  әрдайым абыройға бөлей бергін. Ат жалын тартып атқа мініп, ардақты азамат болғын! Жақсылығың мол болып алда көрер, Ертеңіңе елімнің жалғана бер! Атыңа сай әрдайым Алла жар боп, Ескендірдей ерекше Ер бола бер! Ақ тілекпен, ата-әжең Сәния-Қалидолла, мамаң Сая.