Құттықтаймыз!

Ақтаулық  ақ көңіл досымыз, ардақты азамат  Орынбай Нұршаевты  ердің жасынан асқан елеулі туған күнімен құттықтаймыз. Орекең сонау Түркіменстанның Шарджоу облысы, Дарғанаты ауданынан бастағанда, бүгінде  ширек ғасырдан астам заң саласында жемісті еңбек етіп келеді. Қазір Маңғыстау облыстық әкімдігі Іс басқармасының жауапты қызметкері болып, абыройлы еңбет етіп жүр. Асыл жары Арыстанбекова Дина екеуі екі ұл-қызды үкілеп өсіріп отыр. Әлібек пен Гүлзия екеуі де қалаған оқуларын бітіріп, еңбек етіп жүр. Біз досымызға зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте табыс, шаңырақта шаттық тілейміз! Жұлдызың жарқырап, Алла алда таусылмас қуат бере берсін дейміз! Елге арналып бар қуат, Жақсы болсын жағдайың. Жұлдызыңыз жарқырап, Ашық болсын маңдайың! Алла алдыңнан жарылқап, Қолдай берсін әрдайым! Игі  ниетпен, достарының атынан Хабиб Жаңабаев.