ЕрНұр десе Ер болсын!

      Достарымыз, алматылық кәсіпкерлер нұр жүзді Нүркен мен гүл реңді Гүлбануды кішкентай жиендері ЕрНұрдың тұсаукесері- алғашқы тойы 1 жасқа толуымен құттықтаймыз! Алла жар болып, Алаштың ардақты азаматы болып өсуін тілейміз!

ЕрНұр десе Ер болсын,

Шыққан жері төр болсын!

Кемел ойлы кенен ер,

Көңілі дария кең болсын!

 

Қаз- қаз балам, қаз балам,

Қадамыңды жаз балам,

Қадам бассаң, мәз болам!

Қазыбек атаң қалам ап,

Арнады жыр аздаған.

Ақын болғын сен дағы

Ұшқыр ойлы маздаған

Қаз- қаз балам, қаз балам.

 

 Нүркен атаң нұрланып,

Гүлбану апаң ырғалып,

Тойлап жатыр тойыңды

Тұсаукесер жырланып.

 

Берекеде мереке,

Тойың тойға ұлассын!

Мақтай берсін ел өте,

Кең жайылсын құлаш шын!

Жылдан-жылға жарқырап,

Алла беріп бар қуат,

ЕрНұр десе нұр ашқын!

 

Жібектен жіп есейін,

Тұсауыңды кесейін!

Қолыңды бер демейін,

Қадамыңды көрейін!

Дүлдүлі боп еліңнің,

Үстем болсын мерейің!

Зор құрметпен, достарының атынан

    Қазыбек атаң мен Жәннат апаң