Наурызда туғандар

1
2154

Жарасқан Әбдірашев (1948-2001) ақын, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, М.Әуезовтың 100 жылдығына, сондай-ақ Қарабура әулиеге арналған ақындар мүшәйраларының бас жүлдегері.
Сатыбалды Нарымбетов 1946жылы 7 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. Киносценарист, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері дүниеге келді.«Құрмет» орденімен марапатталған. «Киношок» сыйлығының «Премия за режиссуру» 1994 жылғы номинациясының лауреаты, ТМД және Балтық елдерінің Ашық кино фестивалінің «За реализм и человечность» сыйлығының иегері, Жорж Садуля сыйлығының лауреаты атанды.
Ербол Сағдиев 1961жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі. «Құрмет» орденімен және екі медальдармен марапатталған.
Әркен Арыстанов 1966 жылы 7наурызда туған. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор «Құрмет» орденімен марапатталған.
Қанабек Байсейітов 1905 жылы 15 наурызда туған қазақтың көрнекті актері, режиссері. Қазақ музыкалық театрының негізін салушылардың, тұңғыш опера режиссерлерінің бірі. Көптеген фильмдерде толыққанды бейнелер сомдаған киноактер. Драматургиядағы еңбегі де жемісті – кезінде Қуандық Шаңғытпаевпен бірлесіп жазған «Беу, қыздар-ай», «Ой, жігіттер-ай» пьесаларын республикалық, облыстық театрлар түгелдей қойып шыққан. 1979 жылы қайтыс болған.
Досым Сүлеев Оңтүстік Қазақстан облысында 1947 жылдың 7 наурызында дүниеге келген. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик.
Камал Әлпейісова 1956 жылы 10 наурызда Қостанай облысы Амангелді ауданы «Родник» совхозында туған. Еңбек жолын 1979 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде корректорлықтан бастап, 1990 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Әйелдер ісі, ана мен баланы қорғау комитетінде қызмет істеген. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты редакциялық баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары
Амантай қажы Асылбек 1941 жылы 16 наурызда туған. «Аттан Қазақстан!» антиядролық майданының жетекшісі.
Нағашыбек Қапалбекұлы 1950 жылы 16 наурызда дүниеге келген. Республикалық кітап мұражайының директоры, жазушы. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Әбділдин Мейірхан 1938 жылы 16 наурызда туған. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик
Алдамжаров Қазыбек 1947 жылы 16 наурызда дүниеге келген. Профессор, академик, Азаматтық авиация академиясының ректоры.

1 Пікір

  1. Елден асып өнері,
    Мінез-құлықты дәл ашқан.
    Эпиграмма шебері,
    Әбдірашев Жарасқан.

    Интервью алып тәп-тәуір,
    «Жұлдыздарды» сан ашқан.
    Көтеріп жүр жүкті ауыр,
    Әбдірашев Жарасқан.

    Ақындығы тағы да,
    Ұлылармен таласқан,
    Елдің туған бағына,
    Әбдірашев Жарасқан.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз