Апамыз Болғанай Әшімқызы Матбекованы жемісті 70 жасқа толуымен құттықтаймыз! Көп жыл товарлы-сүт фермасын басқарған әкеміз Құрбанбек екеуі 40 жылдан астам отасып, 7 бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінгі күнде 24 немере, 20 шөбере сүйіп, бала-шағасының қызығын көріп отыр. Апамыз ауылшаруашылық саласында ұзақ жыл еңбек етіп, бүгінде құрметті зейнет демалысында.
Біз апамызға зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір тілейміз. Шаңырақ шаттығына шалқып, дәулетті де, сәулетті өмір сүріп, жүзі жарқын күйде. Жүзге жете берсін деп тілек білдіреміз.
Жетпісіңіз жемісті
Өміріңіз келісті.
Ұл-қызыңды ұшырып,
Ұлғайта бер өрісті!
Зор құрметпен, Матбек әулеті