Ақылға қонымсыз көрінегенімен, десе де қолымыздағы ең кішкентай саусағымыз, әсіресе, оның ұзындығы мен пішіні біздің қандай адам екеніміз жайлы көп нәрсе айта алады. Шынашақ мінезіңіздің бұғып жатқан қырларынан көрініс береді.
Қолыңызға мұқият қарап, шынашағыңыздың қай түрге жататынын анықтаңыз. Бұл ақпарат мені елітіп әкетті. Бағзы замандарда адамдардың шынашағына сақина таққаны де бекер емес-ау…
Қалыпты ұзындықтағы шынашақ
Ұзындығы аты жоқ саусағыңыздың жоғары бөлігіне жететін шынашақ қалыпты болып есептеледі. Шынашақтары мұндай ұзындықтағы адамдар дұрыс қалыптасқан, кемел мінезімен, нақты өмірлік ұстанымдарымен ерекшеленеді. Олардың әлденеге көзқарасын өзгертуі екіталай.
Ұзын шынашақ
Егер шынашағыңыз атауы жоқ саусақтың жоғарғы және ортаңғы бөліктерін бөліп тұрған сызықтан ұзынырақ болса, сіздің жолыңыз болғаны! Бұл ешқашан алған бетінен таймайтын тартымды, дарынды тұлғаның белгісі. Мұндай адамдардың бойындағы дарыны мен еңбекқорлығы әлемге үлкен өзгерістер сыйлайды.
Қысқа шынашақ
Қысқа шынашақ иелері – бауырмал әрі ұқыпты адамдар. Олардың бойынан ұяңдық қылаң бергенімен, оны кемшілік деп атауға келмейді. Мұндай адамдар – қызыл тіл мен дипломатиялық қатынастардың шебері.
Сүйір шынашақ
Саусақ ұшының сүйір болуы тілдерді меңгеру қабілеттілігі мен шығармашыл тұлғаны білдіреді. Шынашақ ұшының дөңгелектігі – адамның асқан сабырлылығының белгісі.
Қисық шынашақ
Шынашағы ішке қарай майысқан адамдар кез-келген жағдайға жылдам бейімделеді. Мұндай мінезді жандар табиғатынан бітімгер келеді.
Шынашақ буынының үлкендігі
Әрдайым сенім артуға тұрарлық жандардың шынашағының буыны саусақ шетінен сәл шығыңқы болады. Олар қоршаған орта жайлы көптеген ақпаратқа қанық, өткен өмірін есте жақсы сақтайды әрі ешқашан көмек қолын аямайды.
Достарымның сусақтарына мұқият қарап, таңданысымды жасыра алмадым. Бұл мінездеменің қаншалықты рас екенін тексеріп, өз нәтижеңізбен бөлісіңіз. Бұл шынымен де қызық!