
Әзіл-шыны аралас
Бір күні бір жігіт Құдайдан сұрапты:
- Неге қыздардың бәрі сыпайы, мейірімді, нәзік, ал әйелдердің бәрі ұрысқақ, ашуланшақ? - деп. Сонда Құдай:
- Қыздарды жарататын мен, ал олардан әйел ететін сендер! - деген екен...
***
Баяғыда бір кедей жігіт байдың басындағы құндыз бөркін алып қашады. Бай әлгі кедей жігітті қуыпты. Байдың тұлпары қойсын ба, қырдан асырмай кедейді қуып жетіпті.
Сонда сасып қалған кедей тұра қалып:
- Байеке, ойнасақ та біраз жерге барыппыз. Ренжи көрмеңіз, міне бөрікіңіз - деген екен.
***
Бір қарт өмірде үйленбепті. Одан:
- Неге үйленбедіңіз? - деп сұраса, қарт:
- Өзіме «идеальный» қыз таба алмадым. Енді таптым-ау деп біреуге сөз айтсам, ол қыз өз идеалын іздеп жүр екен, - деген екен.
***
Күйеуі түнімен қаңғырып келеді. Әйелі есікті ашып:
- Иә, Супермен, қош келдің!
Күйеуі үндемей кіреді.
- Тамақ жейсің бе, Супермен? - десе, күйеуі үндемейді.
- Қайда болдың, Супермен? - десе, күйеуі шыдай алмай:
- Не болды сонша Супермен, Супермен деп?! Мен не Суперменмін бе? - десе, әйелі:
- Енді Супермен болмай, не енді, трусиіңді шалбарыңның сыртынан киіп алыпсың, - деген екен.
***
Қарындас, сізбен танысуға бола ма?
- Менің жігітім бар, кешіріңіз, таныса алмаймын!
- Жігітің қабырға емес шығар жылжытамыз!
- Қабырға болмаса да сүйегіңді санап бере алады!