Азат ПЕРУАШЕВ: САЙЛАУШЫЛАР БЕЛСЕНДІЛІГІ – ӘДІЛ САЙЛАУ КЕПІЛІ

 
«Ақ жол» ҚДП өзге партиялардың әділ сайлау туралы ұсыныстарын қолдайды және сайлауалды кезеңде барлығы «Fair play» ережесін ұстануы қажет деп санайды - Азат Перуашев бұл туралы Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімді тіркету кезінде мәлімдеді. Сонымен қатар, бұл үндеулер көбінесе процедуралық сәттерге бағышталып жатыр, ал сайлаудың негізгі мәні, маңыздысы сайлаушылардың еркі болып табылады, - деп атап өтті, А.Перуашев. «Ақ жол» сайлаушылардың дауыс беруге белсенді қатысуы ғана әділетсіздік пен бұра тартуға жол бермей, әділ сайлау өткізуге кепілдік болатынына сенімді. Осыған орай, «Ақ жол» партиясы алдағы сайлау Қазақстанның әділ де ашық сайлау өткізуге қабілетті екенін, ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткеннен кейін де саяси мәдениет пен халықаралық демократиялық дәстүрлерге, стандарттарға бейіл екенін көрсетуі тиіс деп санайды. «Бұл сайлау Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған елді саяси модернизациялаудың жалғасы және Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа демократиялық даму кезеңінің басы болуы тиіс. Біз осыны қалаймыз дейді», - «ақжолдықтар». Сондықтан, «Ақ жол» партиясы әділ процедураларды іс жүзіне асырумен қоса, сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырады. «Әр азаматтың дауыс беру арқылы өзінің мемлекетті басқарудағы конституциялық құқын пайдаланғаны өте маңызды. Осы жағдайда ғана процедуралардың ашықтығы, дауыстарды санаудың өзектілігі туралы айтуға болады», - деді, А.Перуашев. 8 желтоқсан, «Ақ жол» ҚДП Баспасөз қызметі