Ақтөбе әкімдігі «Мәңгілік даңқ» шеруін өткізуден бас тартты
2019 ж. 10 мамыр
3056
2
Ақтөбе қаласының әкімдігі Жеңіс күніне орай «Мәңгілік даңқ» шеруін өткізуден бас тартты, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74-жылдығына және Отан қорғаушылар күніне дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қатысты бүгін қалалық әкімдікте Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың төрағалық етуімен мерекелік іс-шараларды, қауіпсіздік пен құқық тәртібін ұйымдастыру туралы жиналыс өткізілді, – делінген әкімдік сайтында.
Хабарламада жазылғандай, бұрын шеруден кейін БАҚ-та көптеген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің туысқандарының жағымсыз сөздері пайда болды, олардың туған-туысқандарының фотосуреттері қаланың әр жерлерінде және қоқыс жәшіктерінде шашылып, қайтыс болған ардагерлерімізді құрметтемеуге әкеп соқтырып отыр. Сондай-ақ, шеру кезінде орталық даңғылдар уақытша жабылып, қоғамдық көлік кептелісінің пайда болуы себепті қала тұрғындарына қолайсыздықтар туғызған болатын.
Сонымен қатар, шеру өткізу үшін жоспарланған күннен 10 күн бұрын жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) шеруді өткізуге өтініш беруі қажет болатын. Алайда қазіргі күнде ұйымдастырушылардан бұндай өтініш түскен жоқ, – дейді әкімдіктегілер.
Десек те, қала басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагерлері туыстарының жақындары үшін 9 мамыр – Жеңіс күніне арналып ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта өткізілетін мерекелік шараға ерлік көрсеткен ата-бабаларының портреттерімен келуіне болатындығын хабарлады.