ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР УАҚЫТЫНДА БЕРІЛУІ КЕРЕК
2019 ж. 09 мамыр
2562
0
Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов қалалық әкімдіктің кезекті отырысында тиісті ведомстволардың басшыларына әлеуметтік нысандарды пайдалануға беруді созбауды тапсырды.
Тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысы мәселелері бойынша әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов баяндады. Қалада 228 компания тұрғын үй салумен айналысады. Нұрлан Нұркеновтың ақпараты бойынша, қазіргі таңда елордада 102 әлеуметтік және мәдени нысан, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 29 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл - 19 мектеп пен оларға жапсарлас ғимараттар, бір балабақша. Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгін 083, 086, 094, 095 медициналық анықтамалар, ауруханалық парақтар мен медициналық кітапшалар медициналық ақпараттық жүйеде тіркеліп, барлық қалалық медициналық ұйымдарда беріледі.
Сондай-ақ, басқарма басшысы қалалық медицина саласындағы мәліметтерді жиналып, талдау жүргізілетін бірыңғай ситуациялық орталықтың жұмысы туралы айтты. Осы ретте Бақыт Сұлтанов ана өліміне қатысты мәселелерге сапалы талдау қажеттігін атап өтті. «Жүкті әйелдерді алдын ала шақыру, оларды есепке қою, үнемі қоңырау шалу қажет. Заманауи медицина саласындағы жобаларды жалғастыру маңызды», – деді қала әкімі.
qazaquni.kz