Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойын-сауық мекемелерінде түлектер кешін өткізуге де тыйым салынды.
Қалалық және аудандық білім беру басқармаларының басшыларына бұл күні кезекшілік орнату тапсырылған.
Жарлық орындалмаған жағдайда шара қолданылады, тіпті мектеп басшылары жұмыстан шығарылуы мүмкін.
Қырғызстандағы барлық мектептерде соңғы қоңырау 25 мамырда сағат 9.00-да басталады.