Президенттікке үміткердің сенімді өкілі болдым деп, Қазақтың сенімінен шықпау керек!
АҚИҚАТ та, оны білуі тиіс ХАЛЫҚ та , Президенттікке үміткерден де, Президенттен де, Бәрінен де үлкен!
Мен өзім бұрыннан танитын, саясаткерлер ішінде қаламгерлігіне байланысты жақын тартып жүретін Әміржан Қосановты сендер айтқандай қаралап отырған жоқпын, Жандос! Сен бұл сөзіңмен маған ЖАЛА жауып отырсың! Әміржан президенттік сайлауға түсіп жатқасын ғана осындай мақала жариялап жатырсыздар деген де өтірік!
Ол туралы ШЫНДЫҚТЫ бар ДӘЛЕЛІМЕН, СІЛТЕМЕСІ, ӘР СӨЗДІҢ АВТОРЫ, ЖЫЛЫ, ГАЗЕТІ, КУРСТАСЫНЫҢ АТЫ көрсетілген журналист Маxамбет Ерғалидың мақаласын жариялау - кез келген БАҚ-тың МІНДЕТІ! Әміржан теріске шығара алса, оның да жауабын жариялаймыз!
БҰЛ ЖЕРДЕГІНІҢ БӘРІ ШЫНДЫҚ. Оны біз жарияламас бұрын бар құжаттарын алдырып, тексеріп алдық мақаланы бірден жариялай салмай. (Ал бұдан да басқа қанша материалдар жатыр, оларды жариялаған жоқпыз). Мысалы:
1.
Гүлнар Әшімова (суреттерде) мен
Аманғазы Кәріпжанды және тағы басқаларды оқудан шығарған шешімде Қосановтың қолы бар, оны ол өзі де мойындап жүр. Курстастар қатысқан ол жиналыс "Ескерту берумен шектелейік" дегенде
"Жоқ, оқудан шығару керек! Бұл барып тұрған саяси сауатсыздық!" деп тұрып алып, ақыры оларды оқудан шығарғанын Әміржанның өзінің бірге оқыған курстасы
Риза Әлмұқанова ашық жазуда фейсбук парақшада. Ал Аманғазы Кәріпжан да, белгілі
журанлист
Бақытжан Қосбармақов та бұл шындықты
1999 жылы
"Жас алаш», (суреттерде)
"Ана тілі" , "Новое поколение", "Караван" т.б. көптеген газеттерге жазды.
Сол кезде Әміржан президенттік сайлауға түсіп пе еді, Жандос?! Жарылқап Қалыбай да Ермек Нарымбайға берген видеосұxбатында болған оқиғаны қаз қалпында бәрін ашып айтып берген.
2. 2011 жылы Мұқтар Шаxанов бастаған Қазақ тілін қолдау туралы Ұлт зиялыларының Ашық xатына қол қоюды мен өзім xабарласып, қойдыра алмағанмын Әміржанға да, қазір Әміржанды "әшкерелегіш" Жасарал Куанышалинге де. Бұл туралы сол кезде 2011 жылы жазған мақаламды "Қазақ үні", Абайкз сайттарынан бастап, көбісі жариялаған.
Сол кезде Әміржан президент сайлауына түсіп пе еді Жандос?
3. Былтыр Әміржанның комсомолдың 100 жылдығын тойлауға барғаны "ДАТ" газетінен бастап, барлық БАҚ-та жазылды.
Сол кезде де Президент сайлауы болып па еді, Жандос?!.
Өзің айтпақшы, "Нағыз ұлтшыл, қыранша қанат қағар ақын" осындай нағыз Ұлт мүддесі сынға түскен сәттегі ШЫНДЫҚТЫ өзі басқарып отырған "Қазақ үні" сайтында жариялауы керек пе, жоқ, автордың мақаласын кері қайтарып жіберіп, "жапалақтарша" түнекте жасырып қалуы керек пе, Жандос? Өзің де ақынсың. Сен неге президенттікке үміткер туралы жазылған ШЫНДЫҚҚА шыдамай шырылдайсың да, ол оқудан шығарған Азаттық алаңында Ұлт теңдігін сұрап, Қазақ тілінің мүшкіл xаліне алаңдаған Желтоқсан күрескерлерінің ауыр тағдырына көңіл аударғың да келмейді? Гүлнәр Әшімова қайда қазір, тағдыры не болды? Оның ерлігі туралы кеше ғана "Бәрібар.кз" сайтында журналист Жидегүл Әбдіжәділқызы жақсы жазды. Әміржанның курстасы Риза айтқан әлгі оқудан шыққан тағы бір Әміржанмен бірге оқыған жігіт (бірнеше студент комсомолдан, оқудан шығарылған) орыстың итінің үйшігін паналап, қиналғаннан есі ауып кете жаздап жүрген жігіт кім, оның қазіргі тағдыры қандай? Олар сені ойландырмағанмен, сол кммунистік қанды қылыш жалаңдап тұрған кезеңде, комсомолдан шығу - оқудан шығу - жұмысыз далада қалу деген сөз! . Қанша жастың өмір жолы осылай қырқылды?!.
"Ол кезде, солай болды, жалғыз Әміржан ғана кінәлі емес" деген "ақтаушылық" бұл замандағы жаңа сатқындықтың салқыны... Президенттікке үміткердің сенімді өкілі болдым деп, Қазақтың сенімінен шықпау керек! Бұл саған ғана емес, жалпы жанталасып жатқан "адвокаттар" алқасына айтарым!
Ал "Ақ жол" партиясынан президенттікке үміткер Дәния Еспаеваға келсек, жалпы
"Ақ жол" партиясы осы Президент сайлауына қатыспаса да, мұндай ШЫНДЫҚТЫ айтқан мақала жарияланар еді! Біз болмасақ, кезінде бұл мәселелер көтерілген басқа БАҚ-тың кез келгені жариялар еді.
Ал шындықты жазсаң, өздері қабылдай алмайтын ақиқатқа айқайлап қарсы шығатындарға, жағымпаздықтың жалауын көтеруші құлдық санадағыларға айтарым - АҚИҚАТ айтылуы тиіс! Өйткені, АҚИҚАТ та, оны білуі тиіс ХАЛЫҚ та , Президенттікке үміткерден де, Президенттен де, Бәрінен де үлкен!
Қазыбек ИСА
P.S. Біраз редакциялар сұрау салса да, үндемей отыр едім, жауабымды жариялауға түрткі болған Жандос Демесін бауырыма рахмет.