Көпірге Конституциядан үзінді жазылған плакатты ілгеннен кейін тұтқындалған алматылық жігіт босатылды
2019 ж. 30 сәуір
2925
0
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы көпірге ҚР Конституциясынан үзінді жазылған плакатты ілген жас жігіт босатылды. Аппеляициялық сот Роман Захаровты 5 тәулікке қамауын жазасын айыппұлмен алмастырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 сәуірде Алматы қалалық сотында аппелциялық тыңдалым өткен. Аппеляциялық сот Роман Захаровты 5 тәулікке қамау жазасын 5 АЕК (12 625 теңге) көлеміндегі айыппұлмен алмастырды.
Аталғандай, әкімшілік соттың үкімі Медеу ауданының прокурорының аппеляциялық өтініші бойынша өзгертілген.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Еске сала кетсек, кеше желіде алматылық Роман Захаровтың тұтқындалғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол Әл-Фараби даңғылындағы көпірге «Халық мемлекеттік биліктің негізгі көзі болып табылады» деген жазуы бар плакат ілген.
Артынша жас жігіт тұтқындалып, 5 тәулікке қамалған. Соттағылар оның қоқыс үшін тұтқындалғанын, ал жаза ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша тағайындалғанын хабарлаған.