Сенат жаңа заң жобаларын қабылдады

0
823

Желтоқсанның 1-і күні Астанада Парламент Се­на­тының пленарлық оты­­рысы барысында палата депутаттары «Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына және «Қазақстан Рес­пуб­ли­касының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қабылдады.
Аталған Заң Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордені тапсырыла отырып, «Халық қаһарманы» атағын беруді қарастырады.
– ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – елдің бірлігін, Конституцияның адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз еткен, жаңа Тәуелсіз Мемлекеттің негізін қалаушы тұлға. Оның жетістіктері Қазақстан халқы тарапынан зор құрмет пен сенім тудырады, – деп атап өтті ҚР Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеті төрағасы Ахан Бижанов.
Заң ҚР Президентінің қол қоюына жіберілді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз