Амангелді АЙТАЛЫ: Кәсіпкерлік – материалдық және рухани жағдайды көтеретін басты жол

а

Амангелді Айталы, «Ақ жол»  партиясы Ақылдастар алқасы төрағасы: «Ақ жол» партиясының съезі ерекше жағдайда өтті. ҚР Парламенті мәжілісінің сайлауы алдында «Ақ жол» партиясының жаңарған платформасы съезд делегаттарына ұсынылды. Бұл платформаның бұрынғыдан өзгешелігі – ұлттық құндылықтар, әсіресе қазақ тілімен бірге, қазақ рухы мәселелері өте терең, жан-жақты айтылды. Қазақстан экономикасының дамуы және сол экономиканың маторы бизнес, кәсіпкерлік, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік ел экономикасының қозғаушы күші. Алдымызда тұрған экономикалық дағдарыстан алып шығатын да – осы кәсіпкерлік. Бірақ, кәсіпкерлікке отанымызда бүгінгі күні аса бір жағымды жағдай жасалмаған. Кәсіпкерлік­тің дамуына кедергі келтіретін тұсаулар көп. Осы мәселелерге басқа партиядан гөрі «Ақ жол» партиясы ерекше назар аударды. «Ақ жол» партиясын соңғы кездері кәсіпкерлер партиясы деп жүр. Негізінен, «Ақ жол» партиясы ұлттық құндылықтарды қолдайтын, құрамында қазақтың белгілі ақын-жазушылары бар екені белгілі. Бірақ, кейде рухани құндылықтар мен кәсіпкерлікті бір-бірімен жуыспайтын дүниелер ретінде қарастырады. Шын мәнісінде, бұл съезде сөйлеген адамдардың пікірінде кәсіпкерліктің өзі ұлттық құндылық. Кәсіпкерлік – халықтың материалдық жағдайын және рухани әлемін көтеретін басты жол. Сондықтан бұл съездің ерекшелігі – рухани құндылықтар мен кәсіпкерлікті ұштастыруды мақсат еткендігі. Мәдениет пен кәсіпкерлікті бөліп қарауға болмайды. Сондықтан «Ақ жол» партиясы кәсіпкерлерді қолдай отырып, жаңа кәсіпкерлердің тұлғасын қалыптастыруға үлкен күш салады.  

Бөріхан НҰРМҰХАМЕДОВ,«Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары:

«Ақ жолдың» мақсаты – Мемлекеттілік және Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғау

Алдымызда Тәуел­сіздіктің 20 жылдығы, Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығы, Жаңа 2012 жыл келе жатыр. Келесі жылы «Ақ жол» партиясының құрылғанына 10 жыл болады. Осыншама айтулы күндердің саяси науқанға – Парламент Мәжілісінің сайлауына дөп келуі бекер емес. Мұның бәрі бір белеске шығып, соның биігінен келешекке көз тастауға мүмкіндік береді. Біз заман талабына сай жаңаруға дайынбыз. Ол үшін өткенімізді саралап, еліміздің дамуына серпін беретін бағытты тағы да айқындап алуымыз қажет. Біздің партияның ке­лесі бес жылдықтағы басты бағыты – ұлттық мем­ле­кеттіліктің іргетасын бекіту, Қазақстанның ұлт­тық мүддесін қорғау. Бұл мақсатты біз осыдан он жыл бұрын, «Ақ жол» партиясын құрғанда қойған болатынбыз. Партияның Бағдарламасында Қазақ­станның тәуелсiз, өркен­деген, демократиялық және еркiн ел болуы, оның әрбiр азаматының лайықты өмiр сүруi біздің мақсатымыз деп жазылған. Сол мақсаттар біз үшін қазір де маңызды. Біз үшін ең іргелі құндылық – Қазақстанның Тәуелсiздiгі. Тәуелсiздiк – бiздiң елiмiздiң бүгiнi мен болашағына жауапты азамат екенiмiздi сезiнуге мүмкiндiк берді. Шынайы айтқанда, егер Тәуелсіздік болмаса, «Ақ жол» партиясы да болмас еді. Тәуелсіздік бізге аспаннан түскен жоқ. Оған жету үшін халқымыздың қаншама тері мен қаны төгілді. Өткен тарихты айтпағанның өзінде, 20-шы ғасырдың басында халқымыз бірнеше рет көтеріліс жасады. Хал­қымыздың үштен бірі аштықтан қырылды, мыңдаған азаматтар саяси репрессияға ұшырады. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай сынды асыл азаматтарымыз Тәуелсіздік үшін күресте армандарына жете алмай кетті. Бұл күресті 1986 жылғы желтоқсанда қазақ жастары жалғастырды. Мұның бәрі Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін халқымыздың ұзақ жылдар бойы күрескенін, қайтпас қайсар мінезін көрсетеді. Біз Тәуелсіздік жолында құрбан болған азаматтарымызды әрқашан есте сақтауымыз керек. Ұлттық мүддемізді қорғау мен оны жүзеге асыруды Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтудың басты принципі ретінде қарастыруымыз қажет. Сонымен қатар, Ұлттық мүддеге тар әрі біржақты қарауға болмайды. Қазақ­станның ұлттық мүддесі тек мемлекеттің мүддесі емес! Бір ғана этностың да мүддесі емес! Қазақстанның ұлттық мүддесі дегеніміз, ол – жеке адам, қоғам және мемлекеттің түрлі саладағы теңестірліген мүдделерінің жиынтығы. Осы үш тараптың мүддесі экономикада, ішкі саясатта, әлеуметтік, халықаралық, ақпараттық, әскери, шекаралық, экологиялық және басқа салада тең дәрежеде ескерілуі тиіс. Жеке адам мүддесі оның конституциялық құқықтары мен бостандығын жүзеге асырудан басталады. Қоғамның мүддесі демократияны нығайтуға, құқықтық, әлеуметшіл мемлекет құру мен қоғамдық келісімге негізделуі тиіс. Ал Мемлекеттің мүд­десі конституциялық құ­рылымы, егемендігі мен территориялық тұта­с­тығының бұзыл­мауына қатысты. Саяси, эко­но­микалық және әлеуметтік тұрақтылығы заң мен құқықтық тәртіп негізінде қатаң сақталуы тиіс. Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғау және оны жүзеге асыру экономиканың тұрақты даму жағдайында ғана мүмкін. Бұл басты шарттардың бірі. Бұл салада экономикалық дамудың әлеуметтік негізі ретінде кәсіпкерліктің рөлін ерекше атап өткен жөн. Біздің сайлауалды тұғырнамамыздағы ұсыныстар (экономикалық, әлеуметтік, рухани, ұлт­тық саладағы, сыртқы саясаттағы) еліміздің дұрыс негізделген ұлттық мүддесіне қатаң бағын­дырылуы тиіс. Бұл бізді адастырмайды, дұрыс жолдан жаңылтпайды! Менің ойымша, Ұлт­тық мүддені қорғайтын және оны жүзеге асыруға бет алған партия қоғам мен мемлекеттің дамуын жоғарғы жаңа деңгейге алып шығады. Оның рухани, материалдық құнды­лықтары мен мүддесін халықаралық деңгейде қорғай алады. «Ақ жол» партиясы Қазақстанның өз халқына қызмет ететiн күштi мемлекет болғанын қалайды. «Ақ жол» – Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғайтын партия. «Ақ жол» – мемле­кет­шiлдер мен партиоттар партиясы, «Алаш азаматтарының» партиясы.

Ержан МАНДИЕВ, президент АО «Азия-Авто»:

Это большая возможность внести свой вклад в развитие страны

Импонирует идея, что «Ак жол» должна стать партией конструктивной оппозиции (ключевое слово «конструктивной») – мы не должны стесняться поддерживать коллег из партии власти, если эти действия идут на пользу стране. Разделяя и поддерживая политику Президента по ускоренной индустриализации страны, следует отметить, что потенциал этой программы пока не реализован в полном объеме. Безусловно, в этом нам мешал и прошедший кризис, и другие факторы, как внешние, так и внутренние. Но времени идет и будут новые испытания. В этом смысле развитие страны не должно останавливаться. В целом программа несет позитивный импульс, но инструментарий ее реализации пока не реализован в полной мере, чтобы широкие слои предпринимателей были вовлечены в процесс индустриализации. Наши попытки индустриализироваться, очевидно, затрагивают интересы стран-экспортеров, которые поставляют нам сегодня продукцию, производство которой мы пытаемся освоить, а также стран-импортеров нашего сырья. Я уже не говорю об экспорте нашей продукции на сложившиеся рынки. Нашу продукцию никто не ждет с распростертыми объятиями. Ведь производство здесь – это рабочие места и налоги в бюджет нашей страны, но это значит, что мы отнимаем рабочие места и налоги у других стран. Не думаю, что в этом поприще мы можем найти союзников. Думаю, даже наоборот. В этом смысле не стоит ждать помощи и объективных советов как нам развить свою промышленность, и нам всем, обществу требуется объединение усилий, чтобы были достигнуты ощутимые результаты. Ознакомился с проектом предвыборной платформы. Хотел бы предостеречь своих коллег от популизма. Предлагаемые меры и способы достижения целей при своей радикальности, все же должны учитывать специфику тех или иных аспектов регулирования. Я в данном случае говорю о предложениях, связанных с НДС. На мой взгляд, этот не совсем проработанные идеи, которые не принесут должного эффекта. Надеюсь, что проект это не догма, а развивающийся документ. В то же время, что мешает приходу крупных и средних инвесторов в переработку, так это отсутствие гос гарантий стабильности экономической среды. Сегодня, имея определенный перечень льгот, проект может быть привлекателен для реализации, но где уверенность, что завтра законы не поменяются в угоду тем или иным обстоятельствам. Мы вступаем в различные союзы, принимаем массу изменений в законы и постановления. И инвесторы не могут нести подобные риски, поскольку они напрямую угрожают финансовыми потерями. Другой важный аспект, это размер нашей экономики. Мы не Китай и даже не Россия. Но законы развития бизнеса здесь действуют те же самые: конкурентоспособность, эффективность, экономическая целесообразность вновь создаваемых производств. А это означает, они должны быть крупным и их не может быть много в одних и тех же секторах. Учитывая эти два обстоятельства, приемлем и необходим индивидуальный подход к рассмотрению проектов на предмет участи в них государства, применению тех или иных мер гос поддержки. То есть, нужно активно внедрять практику адресных постановлений. Деятельное участие партии в реализации этих инициатив представляется мне очень важной задачей и возможностью внести свой вклад в развитие страны.