Қарағанды әуе айлағында ұшақ апатқа ұшырады: 2 адам қаза тапты

Қарағанды әуе айлағында жеңілмоторлы ұшақ апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның алдын ала мәліметінше, екі адам қаза тапты

"Бүгін сағат 16.25-те жаттығу ұшуды орындау және қонуға кіру кезінде Балапан (Қарағанды) әуе айлағында FK14 Полярис жеңіл авиацияның әуе кемесі апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша экипаж - 2 адам қаза тапты. Осы авиациялық оқиға бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы тексеруді бастайды", - делінген ААК telegram-каналында.