Ғарифолла Есім: Халық өз президентін таңдап алуы қажет
2019 ж. 09 сәуір
3442
1
2019 жылдың 9-маусымында Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына жасаған үндеуіне ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Осыған орай "Қазақ үні" ақпарат агенттігінің тілшісі белгілі қоғам қайраткері Ғарифолла Есімнен кезектен тыс сайлауға қатысты пікірін біліп қайтты.
- Мен кезектен тыс президенттік сайлау өтетіні туралы хабарлы қуанышпен қабылдадым. Себебі, әлемдегі тұрақсыздық жағдайында бізге ішкі айқындылық керек. Халық өз президентін дауыс беріп, таңдап алуы қажет. Оның ерте ме, кеш пе өтетіні белгілі ғой. Ал, Қазақстанның жаңа президенті кім болуы керек десеңіз, мен қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевты атар едім. Ол әлемге танымал тұлға. Саясаттың әр сатысынан өткен адам. Сабырлы, ұстамды, білімді кісі. Ең бастысы қазақ халқының тынысын сезінетін тұлға, - деді Ғарифолла Есім.
qazaquni.kz