ҰРЫЛАРДЫ СУРЕТІНЕН ТАНИТЫН БОЛАМЫЗ
2019 ж. 05 сәуір
2269
0
Алматыда ұрлық жасау қылмысы толастар емес. Олармен күресу үшін полиция сұғанақтардың суреттерін жариялады. Олардың көбі бұрын сотталғандар.
Кәнігі суық қолдылардың ең жасы небәрі 17-де болса, ал үлкені 60-тан асқан азаматтар. Өздері ұл-қыз өсіріп, немере тәрбиелеп отырғанына қарамастан, ұрлықты қоймаған. Бұлар үнемі жолаушылар автобусы мен қала ішіндегі базарларды кезіп жүреді екен. Көбі бірнеше мәрте істі болған. Десе де, бостандыққа шыққан бойда ұрлыққа қайта кіріседі. Олардан әбден мезі болған тәртіп сақшылары түсін түстеп, суреттерін жариялады. Осылайша, тұрғындардың өздерін де сақ болуға шақырады.
–Біздегі ұрыларға қатысты заң сәл жұмсағырақ. Мәселен ұры жәбірленушімен сот залында татуласса, ол бостандыққа шығып кетеді. Сондықтан оларды қоғамға бет жүздерін жария етудің бірден бір амалы осы. Күнде болмаса да, күнара 5-6 ұрының суретін жария етіп тұрамыз,-деді Алматы қаласы полиция департаменті ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
qazaquni.kz