Ләззат Танысбай ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

178 Еліміздің Байланыс және ақпарат министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ләззат Мұратқызы Танысбайды өз өкімімен Байланыс және ақпарат министрінің орынбасары етіп тағайындады. Ләззат Танысбай бұған дейін «Хабар» агенттігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жаңалықтар қызметінің жүргізуші-редакторы, атқарушы продюсері, ҚР Президенті Әкімшілігі баспасөз қызметінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.