Алматылық теміржолшылар Астананы Nursultan қаласы деп атауғды қолдайды
2019 ж. 23 наурыз
2938
0
Бас қала – Астананы Nursultan қаласы деп атауға шешім қабылдаған екен. Бұл шешім өте орынды, оны толық қолдаймын және жақсылыққа балаймын. Сонымен қатар бұл шешімді алматылық теміржолшылар, дәлірек айтқанда "Алматы пайдалану локомотиві" депосының ұжымы бірауыздан қолдайды. Мұны өз басым Түрксіб ауданы Біріншілік партия ұйымының төрағасы әрі аталған депоның директоры ретінде толық сеніммен айта аламын! Бұл мекеменің мыңға жуық қызметкері бар. Барлығы "Нұр отан" партиясының мүшелері. Өйткені тұңғыш Президентіміз арғы-бергі заманда өмір сүрген қайраткерлердің ішіндегі ең ардақтыларының бірі. Ол қазақ халқы мыңдаған жыл арман еткен тәуелсіздік орнатты. Қазақстанды әлемге танытып, мойындатты. Өзі де халықаралық тұлғаға айналды. Назарбаевтың еліне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – халқының мақтанышына, шексіз құрметіне лайық тұлға.Елбасымыз аз уақыт ішінде тәуелсіз мемлекетімізді қалыптастырып қана қоймай, елін де, өзін де бүкіл әлемге таныта алды.Осының бәрін жүзеге асыру айтуға ғана оңай болар?!
Біз тәуелсіз елміз. Елді-мекеннің, көшенің атаулары ел үшін, халық үшін, ұрпақ үшін маңызды. Сондықтан елдегі барлық нысандар біздің тарихымыздан хабар беруі тиіс. Ал, Елбасы тарихи тұлға. Кез-келген саналы адамның тұрып жатқан жеріндегі көше, ауыл, қала атауының себебін, тарихын білуге талпыну арқылы ел тарихына үңілері анық. Қазақ тарихында ешқандай атау тегін берілмеген. Тарихы бар, аңызы бар. Бұл ретте Астанаға өз заманының тұлғасының аты беріліп тұр. Еліміздің тұңғыш көшбасшысы болған Н.Назарбаев бейбіт және тыныш өмір қалыптастырғаны үшін үлкен құрметке лайық.