ҚОҒАМ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСКЕ ШЫҚТЫ
2019 ж. 18 наурыз
1951
1
Жыл басынан бері Ұлттық бюро колл-орталығына мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлығына шағымданып, 5 мыңнан астам қоңырау соғылған. Бұл туралы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.
Айта кету керек, қарапайым қоғам мүшелерінің қылмысқа қарсы белсенділігі артып келеді. Құнды дерекпен бөліскендер соттан кейін 75 мыңнан 250 мың теңгеге дейін сыйақы алады. Жақында осы жедел байланыс арқасында жемқорлыққа қатысты бірнеше мемлекеттік қызметкерлер құрықталды.
– 27 ақпан күні Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылдық округінің әкімшілік қызметкері жеке тұлғадан жәрдемақысын рәсімдеу үшін 20 мың теңге пара алған. 2 наурызда Ішкі істер департаментімен бірлескен операциясы барысында Қордай ауданының прокуратура қызметкері қылмыстық іс бойынша оң шешім шығару үшін азаматтан 200 мың теңге пара алу кезінде әшкереленді, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары Шыңғыс Қабдолла.
qazaquni.kz