Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ ғалымдарымен кездесті

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың Алматыдағы жұмыс сапары әлі де жалғасуда. Ж.Түймебаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ҚХА кафедрааралық ғылыми-білім беру орталығы ғалымдарымен және Алматы қаласының ҚХА ғылыми-сарапшылар тобының мүшелерімен кездесіп білім, ғылым саласының дамуы жөнінде әңгіме өрбітті.

Шараға қатысқан Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтанов, ҚХА кафедрааралық ғылыми-білім беру орталығының ғалымдары, ҚХА ғылыми-сарапшылар тобының мүшелері, Ассамблея кафедраларының басшылары, этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылар күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып өтті.

Кездесу кезінде Жансейіт Түймебаев Ассамблея үшін маңызды іс-шараларды өткізгені үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға алғысын жеткізді.

ҚХА Төрағасының ҚХА ғылыми-сараптамалық құрамын тартудың маңызды екенін атап өтті.

Жансейіт Түймебаев ҚХА қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеудің негізгі міндеттері туралы толығырақ тарқатып айтып берді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ҚХА кафедрааралық ғылыми-білім беру орталығының директоры, саясаттану кафедрасының меңгерушісі Г. Насимова орталықтың қызметі туралы баяндамасында орталықтың атқарған ауқымды жұмыстарын атап өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұстаздары да мәнді де мағыналы баяндама жасап, шараға белсене араласты. Бұл өз кезегінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының еліміздің барлық саласы бойынша дамуына өзінің мол үлесін қосып жатқандығының дәлелі болса керек-ті.

Еңлік ЕРБОЛҚЫЗЫ,

qazaquni.kz