Көпқабатты үйдің шатыры опырылып қалды
2019 ж. 05 наурыз
1971
0

Петропавлда бес қабатты тұрғын үйдің шатыры қардың ауыр салмағынан опырылып қалды деп хабарлайды СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Бүгін түстен кейін ТЖД кезекші бөліміне қаладағы 19-шағынауданға қарасты Болатбаев көшесінде 28-үйдің шатыры құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Оқиғадан келген материалдық шығынның көлемі есептеліп жатыр.
Дереккөз: Sputniknews.kz