Бердібек Сапарбай студенттермен кездесті

0
854

Таяуда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбай арнайы делегациямен келіп, Алматыдағы шығысқазақстандық студенттермен кездесу өткізді.
Кездесуге келген қонақтар қатарында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұл, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуман және Шерияздан Елеукен, Бибігүл Төлеген, Бауыржан Жақып, Майра Ілияс, Толқын Забир сияқты бүгінде елімізге кеңінен танымал шығыс өңірінің тумалары болды.
– Жастар біздің болашағымыз. Бұл келуім сіздердің іздеушілеріңіз бар екенін, сонымен бірге студенттерге артар сенімнің зор екендігін айқындайды. Арнайы кездесе отырып, жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін «Дипломмен – ауылға» бағдарламасына үн қосыңыздар деген тілек айтамын. Шығыс өңіріне мықты маман болып оралып, туған елдеріңіздің, туған жерлеріңіздің дамуына үлес қосыңыздар деген ұсынысымды жеткізе келдім, – деді Б.Сапарбаев. Об­лыс әкімі, сондай-ақ, Алматыдағы жоғары оқу орындарында оқып жүрген студенттерге орташа көлемдегі шәкіртақы тағайындап, ең үздік 20 сту­дентті арнайы грамоталармен және сыйақымен марапаттады.

Әсел РЗА

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз