Ассамблея мүшелері коммуналдық қызмет тарифтерін төмендету мәселесін талқылады

Достық үйінде Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің «ТКШ және табиғи монополиялар қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру» тақырыбында отырысы өтті. Белгілі болғандай, 2018 жылдың 7 қарашасында ҚР Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында коммуналдық қызмет тарифтерін төмендету бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды. Елбасы өз сөзінде ТКШ қызметтері бойынша шығындар, соның ішінде жылу, электр энергиясы үшін ақы төлеу халықтың жалпы шығыстарында айтарлықтай үлес алатынын атап өтті. Тарифтер жоғары болған сайын, отбасылық бюджетке түсетін жүктеме соғұрлым көп. Тарифтердің өсуі нақты экономикалық негіздемесіз жүзеге асырылмауға тиіс. Осыған байланысты, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі ПИК-пен өзара іс-қимыл жасау және коммуналдық қызметтерге тариф белгілеу жағдайына мониторинг жүргізу арқылы коммуналдық қызметтер саласында қоғамдық бақылауды күшейту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізді.

Отырысқа Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Балғымбаева Назар Албанұлы, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қатысты. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайырбек Бауыржан Берікұлы, Алматы қаласы энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы энергия, жылу үнемдеу бөлімінің бас маманы Каюпова Жанар Каюпқызы, Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы Тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үйді жаңғырту бөлімінің басшысы Жандос Маратұлы Қайырханов, «Қаз ТрансГаз Аймақ» АҚ өкілдері», «Алматы Су» МКК бас директорының экономика жөніндегі орынбасары Полякова Ирина Алексеевна, «Алматы Су» МКК өткізу қызметі жөніндегі басқармасының басшысы Жантайлякова Ләззат Серікқызы, «Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдері, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Бектемирова Майя Абдугалиевна өз баяндамаларын оқыды. Бұл отырыс Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің қызметін жандандыру үшін арналған. Сондай-ақ, отырыста «Этномәдени бірлестіктерді қоғамдық аккредиттеу» мәселесі қарастырылды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңымен этномәдени бірлестіктерді, олардың филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерін қоғамдық тіркеудің тәртібі белгіленген. Аккредиттеу мұндай бірлестіктер институтын жетілдіруге, қоғамдық бірлестіктерді олардың мақсаттары мен міндеттеріне қарай жүйелендіруге, сондай-ақ оларды Ассамблеяның белсенді жұмысына кеңінен тартуға бағытталған. Қоғамдық аккредиттеудің нәтижесі этномәдени бірлестікті, олардың филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерін Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің тізіліміне енгізу болып табылады.